Астаналықтар МӘМС-ке 6,9 млрд теңгеге жуық жарна аударған
Биыл сәуір айында астаналықтар МӘМС үшін 6,9 млрд теңгеге жуық жарна аударды, деп хабарлады Elorda.info Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалына сілтеме жасап.
Астана қаласы бойынша 2023 жылдың сәуір айында МӘМС үшін 6,9 млрд теңгеге жуық жарна аударылған. Ал жыл басынан бері, яғни 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында елордалықтардан медициналық сақтандыру үшін түскен жалпы сома 25,7 млрд теңгені құрайды.
Естеріңізге салайық, 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап бір жылға алдын ала жарна төлеу арқылы МӘМС жүйесіне қатысудың жаңа тетігі іске қосылды. Оны «сақтандырылған» мәртебесі бар, сондай-ақ жүйеге ешқашан төлем жасамаған немесе жүйесіз төлем жасаған барлық дербес төлеушілер пайдалана алады.
Бұған дейін медициналық сақтандыруға жарналарды ешқашан төлемеген немесе жүйелі түрде төлемеген, соның салдарынан сақтандыру мәртебесінен айырылған дербес төлеушілерге оны қалпына келтіру үшін өткізіп алған айлар үшін, тіпті өткен жылға да жарналарды төлеу қажет еді. Енді оларда балама әдіс пайда болды – жарна аударылмаған өткен кезеңді төлемей-ақ, алдағы 12 ай үшін төлем жасау арқылы «сақтандырылған» мәртебесін ала алады.
Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда:
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
@saqtandyrybot телеграмботы
1406 байланыс орталығы
Қордың fms.kz сайты кері байланыс арналары арқылы Қорға хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінішіңізді қарап, тиісті шаралар қабылдайды.

Астана қаласы бойынша осы жылдың сәуір айында МӘМС үшін елордалықтар 6,9 млрд теңгеге жуық жарна аударған. Оның ішінде 3,9 млрд теңгеге жуық сома – жұмыс берушілердің, 3 млрд теңгеге жуығы – жеке кәсіпкерлердің аударымдары. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жүргізетін 7578 төлеушіден 11,2 млн теңге түскен. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.