Астаналықтар ерекше балалардың арманын орындай алады
Астананың Алматы ауданында «Ізгілік шыршасы» акциясы басталады, онда қаланың әрбір тұрғыны ерекше балалардың тілектерін орындай алады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акция ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауыр науқастарға, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасыларда тұратын ерекше балалардың тілектерін орындауға бағытталған.
Тілек карталарын мына мекенжай бойынша алуға болады: Абылай хан даңғылы, 40, SOS Астана қаласының балалар ауылы.
Айта кетейік, науқан 28 желтоқсанға дейін жалғасады.