Елорда жаңалықтары

Астаналықтарға азық-түлік себеті таратылып жатыр

Биыл жыл басынан бастап елордада қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Наурыз мейрамы қарсаңында және Рамазан айында қала әкімдігі мен демеуші болған PetroRetail компаниясы «Игі істер марафоны» аясында ауқымды іс-шараны өткізіп жатыр. 

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері бұл себепттерді мұқтаждардың үйлеріне жейңн жеткізіп береді. 

Қуаныш Молдабектің айтуынша, бүгінгі таңда Астанада аса мұқтаждар санатына жататын 180 мыңға жуық отбасы бар. 

Азық-түлік себетінің бірі елорда тұрғыны көпбалалы ана Роза Сырбековаға  табысталды. Ол осындай жәрдем көрсеткені үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Қалалық әкімдік азық-түлік себеттерін Наурыз мейрамына дейін жеткізуді жоспарлап отыр. 

Қайырымдылық акциясы жыл соңына дейін болады. 

Айта кетейік, елордада он мыңдаған отбасылар 2023 жылы наурыздан бастап желтоқсан айына дейін қажетті көмек алды. Осылайша жалпы салмағы 1,2 млн кг-нан асатын 4000-нан астам азық-түлік жиынтығы таратылды.  

-->

Елордада 1000-нан астам азық-түлік себеті  әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және толық емес отбасылар сияқты әлеуметтік осал топтарға таратылады. Қораптың салмағы – 45 кг. Ал жалпы жүктің салмағы 45 тоннадан асады. Ал азық-түлік себетінде ұн, қант, қарақұмық, күріш, макарон, балаларға арналған тәттілер секілді қажетті тауарлар бар, - деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері бұл себепттерді мұқтаждардың үйлеріне жейңн жеткізіп береді. 

Қуаныш Молдабектің айтуынша, бүгінгі таңда Астанада аса мұқтаждар санатына жататын 180 мыңға жуық отбасы бар. 

Азық-түлік себетінің бірі елорда тұрғыны көпбалалы ана Роза Сырбековаға  табысталды. Ол осындай жәрдем көрсеткені үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Бізге көмек көрсеткендеріңізге алғысымды білдіргім келеді. Мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңызға рақмет. Барша қазақстандықтарды  алда келе жатқан әз-Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Барлығыңызға денсаулық және амнадық тілеймін, - дейді елорда тұрғыны. 