Астаналық құтқарушылар мерзімді сарбаздарды күтіп алды
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс полктері қатарында мерзімді қызметін аяқтаған әскери қызметшілер Астанаға келді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Олар ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінде қызмет атқарды.
Іс-шара аясында ақпараттық жадынамалар таратылды, қызметті жалғастыруға және мансаптық перспективаларға бағытталған Азаматтық қорғау органдарының қатарына қабылдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, бұл осы қызметтің мемлекеттегі маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді.