Елорда жаңалықтары

Астаналық студенттер есірткіге қарсы акция өткізді

Бүгін Астанада «Есірткіге – жоқ, спортқа – бар» , «Есірткіге – жоқ, өмірге – бар»  атты коледж сутеденттері арасында акция өтті, деп хабарлады Elorda.info

Бүгінгі акцияға қатысқан колледж студенттері салауатты өмір салтын насихаттауды алға қойғандарын айтады.   

Сондай-ақ акцияның  мақсаты - қоғам дертінің алдын алу, жастардың жаман әдеттен жат болуына үндеу. 

Айта кетейік, бұл акцияға барлығы 45 шәкірт қатысты.

Сабина КӘКІМЖАН

-->

Қыркүйек айынан бастап колледжде студенттерге осы тақырыпқа қатысты дәрістер өткізіліп жатыр. Дәрісті елордалық емхана дәрігерлері оқиды. Мұнда есірткінің адам өміріне тигізетін зияны айтылады. Еркін форматта өтетін кездесу соңында қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған түрлі  сауалдарын қояды, - деді Kazakhstan International Linguistic College тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Бибігүл Ақшолақова. 

Бүгінгі акцияға қатысқан колледж студенттері салауатты өмір салтын насихаттауды алға қойғандарын айтады.   

Акция арқылы көпшілікке есірткіні пайдаланудың зияны, салауатты өмір салтын қалыптастыру және азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті насихаттауды мақсат еттік. Мен бос уақытымда бокс және баскетболмен айналысамын, - деді колледж студенті Дінмұхаммед Мұқаш.

Сондай-ақ акцияның  мақсаты - қоғам дертінің алдын алу, жастардың жаман әдеттен жат болуына үндеу. 

Бүгін бұл акция белсенді түрде атсалыстық. Осы арқылы азаматтарды салауатты өмір салтын сақтауға, спортпен шұғылдануға шақырдық. Зиянды заттың адам денсаулығы жайлы айтылды. Мен кәсіби хоккейшімін. Сіздерді де спорттың осы түрімен айналысуға шақырамын, - деді колледж студенті Данил Зыкин.

Айта кетейік, бұл акцияға барлығы 45 шәкірт қатысты.

Бастысы - азаматтар бүгінгі акцияға бей-жай қарамай, қүлақ асып, соған сай оң әрекеттер жасаса деген ниет бар. Менің ойымша, жасөспірімдерді қоғамдық кеселден қорғау - ортақ міндет, - дейді акцияға белсенді қатысқан колледж студенті Илья Федченко.

Сабина КӘКІМЖАН