Астаналық сарбаздар өзін жайсыз сезінген жсөспірімге жедел көмек көрсетті
Елордадағы «Астана Арена» спорт кешені маңында қызмет атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің қатардағы сарбаздары Иманжүсіп Түменбаев пен Александр Баширов өзін жайсыз сезінген жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Патрульдеу кезінде олар басы айналып, жерге құлаған баланы байқап, дереу көмекке ұмтылған. Сарбаздар баланы орнынан тұрғызып, алғашқы медициналық жәрдем жасады. Кейін анасына хабарласып, баланы көлікке дейін көтеріп апаруға көмектесті.
Айта кетейік, бұған дейін де әскери қызметшілер «Астана Арена» стадионының жанындағы мерекелік концерт кезінде есінен танған бірнеше көрерменге көмек көрсеткен болатын. Бұл жағдай – әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіппен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулығына да бейжай қарамайтынын аңғартады.