Елорда жаңалықтары

Астаналық өрт сөндірушілер марапатталды

Ақпараттық-насихаттау тобы министрліктің жеке құрамы арасында идеологиялық, азаматтық-патриоттық және ТЖМ имиджін одан әрі арттыру мақсатында құрылды, деп хабарлады Elorda.info.

Топ құрамына ТЖ вице-министр, генерал-майор Бауыржан Сыздықов, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов, сондай-ақ ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары кіреді.

Ақпараттық-насихаттау тобының жеке құраммен алғашқы кездесуі Астанада өтті. Ақпараттық-насихаттық топ елордалық гарнизонның жеке құрамымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

4323aaa04ec4d07deceb42ad03d4354e_1280x720.jpg

Осы кездесу аясында өрт сөндіру және төтенше жағдай салдарын жою кезінде ерекше көзге түскен 5 қызметкер марапатталды. Кездесу барысында азаматтық қорғау органдарында қызмет туралы бейнеролик көрсетіліп, Астана қаласы ТЖД жеке құрамының күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері «Астана қаласы мектептерінің ТЖ министрлерімен» кездесті. Кездесуге елорданың барлық мектептерінен 400-ден астам оқушы қатысты.

Осындай кездесулер ТЖМ-нің басқа аумақтық бөлімшелерінде де жоспарланған және жыл бойы жүзеге асырылады.

-->