Елорда жаңалықтары

Астаналық өрт сөндіруші 15 жасар қызды құтқарды

Бүгін Астана қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабатында жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенді, деп хабарлады Elorda.info.

3-МӨСБ аға инженері Серік Рахымжанов 2009 жылы туған қызды өрттен құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.