Елорда жаңалықтары

Астаналық полицейлер жүргізушілерге ескерту жасады

Елорда полициясы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салу туралы ескертті, деп хабарлайды Elorda.info.

Көбінесе жол-көлік оқиғалары бағдаршамның сары түсі жанып тұрған сәтте өту кезінде болады. Бұл ретте жүргізушілерге ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналының шығатынын ескертеді. 

Мұндай бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелген.

-->

Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан астам оқиға тіркелді. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары) өтуі, оның ішінде сары сигналына өткені үшін болған. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған, - делінген хабарламада