Елорда жаңалықтары

Астаналық полицейлер мас жүргізушілерді анықтады

Астанада полиция мас жүргізушілерді анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу және мас күйдегі жүргізушілерді анықтау – апта сайын өткізілетін «Мас жүргізуші»  жедел алдын алу іс-шарасының басты мақсаты.

Үш күннің қорытындысы бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзудың 22 өрескел дерегі анықталды. Мәселен, полицейлер Toyota Camry көлігін басқарған 26 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Медициналық сараптама оның мас күйде болғанын растады. Бұл әрекеті үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды және наркологиялық есепке қойылды.

Жыл басынан бері көлікті мас күйде басқарғаны үшін 900-ден астам құқық бұзушы жауапқа тартылған. «Заң мен Тәртіп» қағидаты – ішкі істер органдары қызметінің негізгі өзегі. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.