Елорда жаңалықтары

Астаналық полицейлер 15 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы шеңберінде елордалық Полиция департаменті қоршаған ортаны жақсарту ережелерін бұзу, қоғамдық орындарды ластау бойынша тәртіп бұзушыларды анықтауды жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Акция басталғалы полицейлер 15 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 9 208, қоғамдық орындарды ластау – 5 401.

Жыл басынан бері рұқсатсыз қоқыс шығарғаны үшін 186 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Астана қаласы Полиция департаменті барша қала тұрғындарын немқұрайлы қарамай, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосып, акцияға қосылуға шақырады. Белгісіз орындарға қоқыс төгу, құрылыс немесе басқа да қалдықтарды сақтаудың куәгері болсаңыз, дереу 102 арнаға хабарласу қажет.