Елорда жаңалықтары

Астаналық оқушылар малдың сүйектерінен әртүрлі туындылар жасады

Астанадағы №105 орта мектептің 8-9-сынып оқушылары көркем еңбек пәнінде малдың сүйектерін тазартып, ерекше бағалы заттар жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы Білім басқармасына сілтеме жасап.

Олар сиыр және қойдың жамбас сүйектерін пайдалану арқылы сақина, тарақ және ер қанаты – аттың үстінде отырған батыр бейнеленген портрет пен жіліктен білезік жасап шығарды.

Көші-қон байырғы замандағы ата-бабаларымыздың кәсібін бүгінгі заманда қайта өңдеп, құнды заттарды жасауды оқушыларға үйретіп жүрген осы мектептегі көркем еңбек пәнінің ұстазы – Кеңшілік Серік.

Елордаға өткен жылы ғана қоныс аударып келген мұғалім бұл туындыны атасынан үйренгенін айтады.

«Мақсатым – ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың қолөнер заттарын бүгінгі жас ұрпаққа көрсетіп, таныстырып, оларды еңбекке баулу», - дейді ол.

Еңбекқор ұстаз бұдан бөлек, аз уақытта оқушыларымен бірге ағаштан шағын киіз үй жасап, балабақша бүлдіршіндеріне сыйлаған.