Мектеп оқушылары ерекше бейнебаян түсірді
Астананың №58 мектеп-гимназиясының оқушылары Республика күніне орай «Сәлем саған туған ел» әнін орындап, ерекше бейнеклип түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Бейнеклип елорданың көрікті орындарында түсірілген.
«Қазір цифрлы технологияның дамыған кезеңі. Біз соның оңтайлы тұсын өзімізге пайдалануға тырысамыз. Мектебімізде өнерге жақын балалар көп. Олар маған осы ұсынысты айтқаннан кейін қолдай кеттім», - деді №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртазақызы.
Айта кетейік, мұндай сапалы клипті мектеп ұжымы әр мерекеде оқушылармен түсіруді дәстүрге айналдырып келеді.