Елорда жаңалықтары

Астаналық оқушылар «Ақберен» өнер байқауында топ жарды

Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен Астанада «Ақберен» өнер байқауы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде өткен өнер байқауында еліміздің әрбір өңірінен 120 оқушы алты номинация бойынша қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласының оқушылары 1 алтын, 2 күміс медальға ие болды.

«Ақындар айтысы» номинациясында №76 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Абылай Қайратұлы І орын, «Көркемсөз оқу» номинациясында №87 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Саяжан Азаматқызы және «Эссе жазу» номинациясында №84 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мұрат Ажар II орын иеленді.

Айта кетейік, «Үздік команда» номинациясында Астана қаласы ІІ орынға ие болды.