Елорда жаңалықтары

Астаналық мәслихат көшпелі жұмыс кеңесін өткізді

Бұл туралы Астана қаласы Мәслихаты төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Бүгін Астана қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ануар Саиповпен бірге көшпелі жұмыс кеңесін өткіздік.

Алғашқы нысан – Телжан Шонанұлы көшесі, 43-үйдегі жатақхана. Тұрғындармен кездесіп, олардың түйткілді мәселелерімен таныстық. Олардың айтуынша, бұл үй апатты жағдайда, жертөлеге үнемі жер асты сулары жиналады.

Қазіргі таңда тұрғындар сотқа арыз түсіріп, соның нәтижесіне қарай қосымша техникалық тексеру жүргізіледі. Бұл процесс аудан әкімдігінің Жол картасына енгізілген. Тұрғындар үйді сүруді сұрап отыр, бұл мәселені алдағы жұмыс кеңесінде егжей-тегжейлі қарастырамыз. Егер үй апатты деп танылса, ол белгіленген кезек тәртібімен сүріледі. 

Осы уақыт аралығында аудан әкімдігі үйдің техникалық жағдайын бақылауда ұстап, жертөледен суды жүйелі түрде тартып отырады», - деп жазды ол.