Астаналық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі жарияланды
Астана қаласы мәслихаты депутаттарының қоғамдық қабылдау бөлмесінде және жұмыс орындарында азаматтарды қабылдау кестесі жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Елордалық мәслихат депутаттары жағдайды зерттеу мақсатында түрлі көшпелі отырыстар, азаматтарды жеке қабылдаулар, сайлау округтерінде халықпен кездесулер, атқарушы органдар қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізеді.
Әр апта сайын мәслихаттың, партиялардың қоғамдық қабылдау орындарында, сондай-ақ жұмыс орындарында депутаттар азаматтарды қабылдаулар жүргізіп келеді», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Зейнұлқабден Табиғат.