Астаналық еріктілер Сарыарқа ауданының аруларын құттықтады
Бүгін «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мейрамымен Сарыарқа ауданының нәзікжандыларына гүл сыйлады, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараның мақсаты – астаналық қыз-келіншектерге мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Елордалықтар көрсетілген құрметке риза болып, еріктілердің ниетіне алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, акция әлі жалғасып жатыр. Еріктілер аруларға 50-ден аса гүл сыйлады.
-->Іс-шараның мақсаты – астаналық қыз-келіншектерге мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Біз аруларға қызғалдақ гүлдері мен тәтті шоколадтар тараттық. Мұндай акция жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады, - дейді еріктілердің бірі Айдан Байғанды.
Елордалықтар көрсетілген құрметке риза болып, еріктілердің ниетіне алғыстарын білдірді.
Көңіл-күйіміз көтерілді. Мерекелік аура сыйлады. Ұйымдастырушыларға, еріктілерге алғысым шексіз. Бүгінгі мейрам құтты болсын, - дейді Жамал Айтпаева.
Айта кетейік, акция әлі жалғасып жатыр. Еріктілер аруларға 50-ден аса гүл сыйлады.