Астаналық еріктілер әйелдерге мыңнан аса қызғалдақ сыйлайды
Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шокаладтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды Elorda.info.
Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.
Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.
-->Біздің мақсатымыз – нәзікжандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін, - деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.
Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.
Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл-күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін! - деді Айнұр Смайылова.
Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.