Елорда жаңалықтары

Астаналық дәрігерлер бес айлық сәбиге күрделі ота жасап, миынан ісікті алып тастады

Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирургтары мидың сол жақ қарыншасының ісігін алып тастау үшін 5 айлық нәрестеге күрделі операция жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл жұлынми сұйықтығы ағуының бұзылуын және ішкі гидроцефалияның дамуын - мидың қарыншаларында сұйықтықтың артық жиналуын, интракраниальды гипертензияның жоғарылауын тудырды.

Нәрестенің анасы аурудың алғашқы белгілерін 4 айлығында байқаған. Диагностика нәтижесінде дәрігерлер нәрестеде туа біткен ми ісігін анықтап, оны жедел түрде санавиациямен Ұлттық нейрохирургия орталығына жіберген.

Дәрігерлердің айтуынша ми ісіктері бар кішкентай науқастарды емдеудің қиындығы оларда неврологиялық көріністер тез өтуімен, ерте диагностикалаудың күрделілігімен байланысты. Сонымен қатар медициналық мамандардан зергерлік хирургиялық техниканы және хирургиялық араласуды сауатты анестезиологиялық сүйемелдеуді таңдауды талап етеді.

«Бұл локализация мен мөлшердегі ісік науқастың өміріне үлкен қауіп төндіреді, өйткені ол өмірлік маңызды орталықтар орналасқан ми бағанасын қысады. Осыған байланысты балаға біздің орталықтың жағдайында қарыншаішілік ісікті алып тастау үшін шұғыл микрохирургиялық емдеу қажет болды. Операция кезінде жоғары технологиялық жабдықтар, хирургиялық емдеудің заманауи әдістері, анестезиологиялық сүйемелдеу және операциядан кейінгі реанимациялық емдеу қолданылды»,-деді бөлімше меңгерушісі, нейрохирург-дәрігер Ғабит Өлеңбай.

Операция МӘМС шеңберінде квоталық негізде жасалды.Операциядан кейін нәресте палатаға ауыстырылды, жағдайы тұрақты, есту қабілеті қалпына келуде, ұйқысы да жақсарды. Әрі қарай емдеу гистологиялық зерттеу нәтижелерінен кейін жоспарланады. Нәресте дәрігерлердің бақылауында.