Астаналық балалар коньки тебуді үйренді
Астаналық балалар коньки тебуді үйренді
Бүгін Астанада балаларға арналған «Көңілді старт» атты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Орталық саябақта өткен спорттық іс-шараны Нұра ауданының әкімдігі ұйымдастырды.
Мұнда 7 мен 10 жас аралығындағы балалар мұз айдынында коньки тебуді үйренді. Оларға Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары шеберлік сыныптарын өткізді.
Спорттық сайысқа қатысқа Үркер шағын ауданының тұрғыны Әсел Бодықова өзінің 10 жастағы баласын алып келді.
Сайыс соңында қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
-->Бүгін Астанада балаларға арналған «Көңілді старт» атты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Орталық саябақта өткен спорттық іс-шараны Нұра ауданының әкімдігі ұйымдастырды.
Бүгінгі іс- шараның мақсаты – салауатты өмір салтын ұстану. Мұнда Үркер шағын ауданының балалары қатысып жатыр. Мұз айдынында барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Балалардың мұз айдынында коньки тебуі үшін барлық жағдай жасалған, - деді аудан әкімі аппаратының инспекторы Жарқын Айтжанов.
Мұнда 7 мен 10 жас аралығындағы балалар мұз айдынында коньки тебуді үйренді. Оларға Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары шеберлік сыныптарын өткізді.
«Барыс-2008» хоккей клубының ойыншылары 10 жылдан астам спорттың осы түрімен айналысады. Бүгін олар мектеп жасындағы балаларға коньки тебудің әдістерін көрсеттік. Мұнда жиналғандар әуелі денелерін шынықтырды. Кез келген адам мұзда коньки тебуді үйрене алады. Бастысы жақсы коньки мен қызығушылық болуы керек, - деді «Барыс-2008» бас жаттықтырушысы Рамазан Кайдаров.
Спорттық сайысқа қатысқа Үркер шағын ауданының тұрғыны Әсел Бодықова өзінің 10 жастағы баласын алып келді.
Ұлым 5-ші сыныпта оқиды. Соңғы 3 жылдан бері футболға барып жүр. Спорттық іс-шараларды жақсы көреді. Осы туралы естіген кезде бірден барғысы келетінін айтты. Көңіл-күйіміз керемет. Осындай жарыстар көп болуын тілейміз, - деді ата-ана.
Сайыс соңында қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.