Астаналық бүлдіршіндер арасында қалалық байқау өтті
Елорданың М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық байқауы өтті. Жекеменшік балабақша бүлдіршіндері арасында алғаш рет ұйымдастырылған өнер додасына 100-ге жуық бала қатысты, деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен қалалық Білім басқармасы ұйымдастырған байқауға 5-6 жас аралығындағы бөбектер қатысып, 4 аталым бойынша бақ сынады. Іріктеуде «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография» және «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша 140 бейнематериал қаралды. Нәтижесінде 74 өнер шығармасы іріктеуден өтті.
Қазақ ұлттық өнер университеті өнер кафедрасының, Оқушылар сарайы мен №2 Өнер мектебінің, №1 балалар музыка мектебінің оқытушылары және «Астана хореографтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызмет атқарған қазылар алқасының шешімімен қалалық өнер байқауының 4 номинациясы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Атап айтсақ, «Вокалдық топ» аталымында «Baibala» балабақшасы, «Вокал» аталымында «Liitle Harvard» балабақшасы, сондай-ақ «Хореография» аталымы бойынша «Аяулым-2» және «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» аталымы бойынша «Бақытты бала IQ» балабақшасы бас жүлдеге лайық деп танылды. Қатысушы балдырғандар Алғыс хатпен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.
-->«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен қалалық Білім басқармасы ұйымдастырған байқауға 5-6 жас аралығындағы бөбектер қатысып, 4 аталым бойынша бақ сынады. Іріктеуде «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография» және «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша 140 бейнематериал қаралды. Нәтижесінде 74 өнер шығармасы іріктеуден өтті.
«Елорда еркетайы» байқауының ерекшелігі – биыл жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында тұңғыш рет өткізілуінде. Мұндай байқаулар жас өрендерді шығармашылықпен айналысуға, сахнаға шығуға баулып қана қоймай, талантты бүлдіршіндерді анықтауымен де маңызды саналады. Сондықтан аталмыш байқау келесі жылы да жалғасын табады, - деді өз сөзінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Жанар Бейсенбаева.