Астаналық ардагерлер марапатталды
Елордалық белсенді еңбек ардагерлеріне қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен Астана әкімінің Алғыс хатын табыс етті, деп хабарлады Elorda.info
Республика күні аясында өткен іс-шарада елорданың әлеуметтік-қоғамдық іс-шараларына белсенділікпен қатысып, қаланың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бір топ ардагерлер құрметке бөленді.
Астаналық ардагерлер ұйымының белсенді жұмыс жүргізетіні қуантады. Құрметті ардагерлер Сіздердің бұрын да әр салада қаланың дамуына үлкен үлес қосқандарыңыз белгілі. Сондықтан қала әкімдігі сіздермен кездесуге, ақылдасуға әрдайым ниетті әрі құрмет білдіре береді, - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.
Марапат алғандардың қатарында Рафик Аблаков, Амангелді Аширов, Анисья Цой, Нина Богатырева, Шолпан Ақтанова, Лариса Шефаренко және басқалар болды. Сонымен қатар «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісін Марат Мұстафин, Сәуле Махметова, Ақдариға Тұрсынбаева және Майдагүл Ескендірова иеленді. Сондай-ақ, Татьяна Левченко, Сабыр Құсайынов. Рысты Атығаева, Әнуарбек Ералы және басқа да белсенді ардагерлер республикалық ұйымның Алғыс хатымен марапатталы.
Марпаттау рәсімінен кейін Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов пен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев елордадағы ардагерлердің әлеуметтік жағдайын талқылауға байланысты «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді.
Ғалым ҚОЖАБЕКОВ