Астаналық ардагерлер Ата заң күніне орай флешмоб өткізді
Елордадағы «Отан қорғаушылар» монументі алаңында өткен іс-шараға 300-ден аса ата-әже қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Барлығы біркелкі ұлттық киіммен шығып, алаңды жайнатып жіберген қариялар қатысқан көріністі Конституция күніне орай Алматы ауданы ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.
Ал көпшілікті отансүйгіштікке шақыратын игілікті іске аудан әкімі аппараты қолдау білдірді.
Іс-шараға ардагерлер кеңесінен 300-ден аса қария қатысты. Жалпы аудан бойынша бүгінде 30 мың ардагер бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды іс-шара қалада бірінші рет өтіп жатыр. «Елордалық ардагерлердің бұл бастамасы республика бойынша үлгі етуге тұрарлық» дейді олар.
Іс-шараға қатысқан “Елорда” халықтық қор жетекшісі, Алматы ардагерлер кеңесі мүшесі Үміт Дүйсенова да осында келген ардагерлердің ішінде өнерпаз да, спортшы да бар екенін, олардың үйде отырып қалмай, осылай көпке үлгі-өнеге болғаны ғанибет екенін атап өтті.
Салтанат Мұратқызы
-->Барлығы біркелкі ұлттық киіммен шығып, алаңды жайнатып жіберген қариялар қатысқан көріністі Конституция күніне орай Алматы ауданы ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.
Ал көпшілікті отансүйгіштікке шақыратын игілікті іске аудан әкімі аппараты қолдау білдірді.
Іс-шараға ардагерлер кеңесінен 300-ден аса қария қатысты. Жалпы аудан бойынша бүгінде 30 мың ардагер бар.
Былтырғы референдумда бүкіл халық, оның ішінде ардагерлеріміз де қатысып, Ата заңымыздың үштен бір бөлігіне өзгеріс енгіздік. Заң Жаңа Қазақстанды құруға, экономикамызды жаңғыртуға бағытталған . Маңызды іске ардагерлеріміз де белсенді атсалысты. Бүгін сол Конституциямызды қолдау үшін үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Менің риза болатыным - 70-80 жастағы қариялардың белсенділігі. Міне, тойға келгендей жасанып жиналып, көз қуантып тұр, - деді Алматы ауданы ардагерлер кеңесі төрағасы Марат Мұстафин.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды іс-шара қалада бірінші рет өтіп жатыр. «Елордалық ардагерлердің бұл бастамасы республика бойынша үлгі етуге тұрарлық» дейді олар.
Өткен жылы жалпыхалықтық Референдум арқылы айтарлықтай жаңалық енгізілген Конституциямызда келешек ұрпақ үшін маңызды жақсы-жақсы заңдар бар. Біз соны қолдауымыз керек. Ардагерлер үшін де Үкіметіміз көп қолдау білдіріп жатыр. Жолақымыз тегін, демалысымыз тегін. Енді біз Үкіметке қол созып жата бермей, өзіміздің артымызға із қалдырар игі іс жасауымыз керек. Бүгін жас ұрпаққа үлгі болсын деп мағынасы терең іс-шара ұйымдастырып отырмыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - дейді Алматы ауданы ардагерлер кеңесі мүшесі Раушан Ысқақова.