Астанадан Қызылсуат ауылына үлкен автобустар қатынайды
Көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында №314 бағытпен 54 орындықты «Iveco Crossway PRO» маркалы 13 метрлік автобус жүре бастайды, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ, елді мекен ішіндегі бағдардың қозғалыс сызбасы ішінара өзгереді.
Өзгерістермен сызбадан қарап таныса аласыздар.
-->Құрметті жолаушылар! Естеріңізге сала кетейік, жол ақысын төлеу арқылы сіздер есептеу жүйесіне жолаушылар санын нақты анықтауға өз үлесіңізді қосасыздар, өз кезегінде CTS қызметкерлері күнделікті мониторинг жүргізу арқылы маршруттық желіні жақсарту бойынша жұмыс істейді, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.
Сондай-ақ, елді мекен ішіндегі бағдардың қозғалыс сызбасы ішінара өзгереді.
Өзгерістермен сызбадан қарап таныса аласыздар.