Елорда жаңалықтары

Астанадан Фукуок курорттық аралына дейін тікелей рейстер ашылады

Air Astana 3 желтоқсаннан бастап Қазақстан астанасынан Фукуок курорттық аралына (Вьетнам) тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Рейстер Airbus A321LR ұшағымен сейсенбі, жұма және жексенбі күндері аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы-Фукуок тікелей әуе қатынасы 28 қазаннан бастап енгізілді және Қазақстанның екі қаласынан Фукуокқа келетін рейстердің жалпы саны аптасына 8 жиілікті құрайды, бұл қазақстандықтарға екі хаб арқылы рейстерді біріктіруге мүмкіндік береді.

«Астана-Фукуок-Астана бағыты бойынша жолаушыларға ыңғайлы кесте ұсынылады. КС173 рейсі Астанадан 21.30-да ұшады және Фукуокқа 07.45 + -те ұшып келеді. КС174 қайтар рейсі Фукуоктан 09.15-те ұшады және Астанаға 16.15-те ұшып келеді. Екі жаққа билеттің ең төменгі құны эконом-класта 380 720 теңгеден, бизнес-класта 973 821 теңгеден басталады», - деп көрсетті «Air Astana» компаниясының баспасөз қызметі.

Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады.