Елорда жаңалықтары

Астанадан бір түнде 31 мың текше метр қар шығарылды

Елордалық коммуналдық қызмет мамандары қар тазалау бойынша күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. 29 ақпан күні таңертең қаланы қардан тазалауға 2,4 мыңнан астам жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника шықты.

Сонымен қатар 28 ақпаннан 29 ақпанға қараған түні қаладан 31 мың текше метр қар шығарылды, бұл 2,3 мыңнан астам ауыр жүк көлікке тең.

Қыс басынан бері елордадан полигондарға 404 мыңнан астам рейс 5,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Сонымен қатар коммуналдық қызмет тротуарларды мұздан қолмен тазартады.

-->