Елорда жаңалықтары

Астанадан Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберілді

AMANAT партиясы Астана қалалық филиалынан Батыс Қазақстан облысына кезекті гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бұл туралы партияның Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жалпы 2 сәуірден бастап аманаттықтардың қолдауымен 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды.

Еске сала кетейік, бұған дейін партияның елордалық филиалы қала әкімдігімен, мәслихат депутаттарымен, Бастауыш партия ұйымдарымен, шағын, орта және ірі кәсіп өкілдерімен бірлесіп Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберген болатын.

-->

Гуманитарлық көмекті жинаған кезде біз зардап шеккен өңірден қандай заттар қажет екенін алдын ала сұрап алдық. Соған байланысты тұрмыстық төсеніш заттарынан бастап, шаруашылыққа қажетті күрекке дейін барлық керек-жарақты жинадық. Гуманитарлық көмек қалай жиналады, бірден солай жөнелтіп отырмыз, - деді ол.