Елорда жаңалықтары

Астанада жыл басынан бері 300-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді

Елордада биылғы бірінші жартыжылдықта 300-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның ішінде халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралардың саны  33 болса, республикалық деңгейдегі  турнирлер мен жарыстардың саны 62 болды. Сондай-ақ 208 қалалық деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтті.

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, сала қызметін басқарманың 19 ведомстволық бағынысты мекемесі жүзеге асырады.

Айта кетейік, Астанада спорттың 173 түрі дамытылуда.

-->

Қалада спорт және дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы қызметті барлығы 1081 ұжым жүзеге асырады, онда 551 692 адам жүйелі түрде дене-шынықтыру және сауықтырумен айналысады, бұл қала халқы жалпы санының 39,1%-ын құрап отыр. Оның ішінде 3-13 жас аралығындағы балалар саны 159 172-ге жетті.  Ұжымдардың негізгі бөлігі кәсіпорындар, ұйымдар, тұрғылықты жері бойынша әртүрлі дене шынықтыру-сауықтыру клубтарынан тұрады. Ұжымдар санының артуы жалпы білім беретін мектептер, орта арнаулы оқу орындары есебінен де орын алды. Әр түрлі сауықтыру кешендерінде фитнес-клубтар мен спорттық-сауықтыру қызметтерінің желісі кеңейді. Сондай-ақ, мемлекеттік спорттық тапсырыс есебінен қалада спорт ұйымдарының саны артты, - дейді басқарманың спорт бөлімінің басшысы Азамат Ағзамов.

Айта кетейік, Астанада спорттың 173 түрі дамытылуда.