Астанада жол жөндеуге байланысты Тұран даңғылы жартылай жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылы бойынша Сарайшық көшесінен Достық көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған байланысты биыл 16-19 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.
-->
Осыған байланысты биыл 16-19 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.