Астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады
Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, Астана әкімдігі 2024-2025 жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. Барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік нысандар олардың өтінімдері бойынша (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылытуға қосылған болатын.