Елорда жаңалықтары

Астанада жылу беру маусымы қашан аяқталады

Қазақстанның қалаларында күннің жылуына байланысты жылу өшіріле бастады. Астанада жылыту маусымы қашан аяқталады? Бұл сауалға әкімдік өкілдері жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі елордада жылу беру қандай жағдайда тоқтатылатынын айтты.

«Тәуліктік орташа температура бес күн қатарынан +10 градус және одан жоғары болған жағдайда Астана әкімдігі жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды», – деп жазылған хабарламада.

«Қазгидромет» болжамына сүйенсек, мұндай шешімді әкімдік апта аяғында қабылдауы мүмкін.