Елорда жаңалықтары

Астанада жыл басынан бері 600-ге жуық бала қызылша жұқтырған

Жыл басынан бері Астанада қызылша бойынша 576 бастапқы және 216 расталған факті тіркелді. Қызылша жұқтырған 14 жасқа дейінгі балалардың саны 152, деп хабарлады Elorda.info.

Сархат Бейсенованың айтуынша, елордада күніне 40-қа жуық баладан қызылша анықталады.  

-->

Сархат Бейсенованың айтуынша, елордада күніне 40-қа жуық баладан қызылша анықталады.  

Айта кету керек, 152 науқасқа шалдыққан баланың ішінен 92 пайызы бұл қызылшаға қарсы вакцина алмаған балалар, олардың ата-аналары қызылшаны жоюға қол жеткізу және қолдау жолында айтарлықтай кері ықпалын тигізуде. Науқастардың ішінде қызылшаға қарсы вакцинация алғандар тек 6 пайыз, ал вакцинация мәртебесі белгісіз науқастар 26 пайызды құрады. Қызылшаның таралуын болдырмау үшін топтық иммунитетінің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек екенін тағы да еске саламын, - деді  Сархат Бейсенова.