Астанада жыл басынан бері 22 мыңнан астам жол апаты болды
Елордада жыл басынан бері 22 406 жол апаты болды. Оның ішінде 2 817 жағдайда жүргізушілер жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен. Алайда барлығы анықталып, жауапқа тартылды, деп хабарлады Elorda.info ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жылдың сегіз айында елордада жол апатын жасағаны үшін 28 автокөлік иесі ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар 24 жүргізуші ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі бойынша жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалуына байланысты көлік басқару құқығынан айырылды.
Мәселен, 4 тамызда тұрғын үйлердің бірінің ауласында көлік құралының жүргізушісі артқа қарай қозғалу барысында екінші бір автокөлікті түйіп өтіп, иесінің жоқтығын пайдаланып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аз уақыт ішінде полиция құқық бұзушыны анықтап, 241 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
-->Бұл жүргізушілер жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсінбейді. Асығыстық танытып, өзге көлікті соғып өткенін байқамай, оқиға орнынан жасырынуға тырысады. Осылайша өз әрекетінің ауыр зардаптарға әкелетінін ескермейді. Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, ал зардап шеккендер немесе қаза тапқандар болған жағдайда қылмыстық жаза көзделеді, - делінген ведомство ақпаратында.
Осы жылдың сегіз айында елордада жол апатын жасағаны үшін 28 автокөлік иесі ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар 24 жүргізуші ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі бойынша жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалуына байланысты көлік басқару құқығынан айырылды.
Мәселен, 4 тамызда тұрғын үйлердің бірінің ауласында көлік құралының жүргізушісі артқа қарай қозғалу барысында екінші бір автокөлікті түйіп өтіп, иесінің жоқтығын пайдаланып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аз уақыт ішінде полиция құқық бұзушыны анықтап, 241 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
Егер сіз жол-көлік оқиғасына себепкер болсаңыз немесе басқа біреудің көлігін соғып кетсеңіз, автокөлікті тоқтатып, оқиға орнынан қозғалмаңыз, жарық белгісін қосып, жол апаты туралы арнайы белгіні қойыңыз. Сонымен қатар болған жағдайды полицияға хабарлауды ұмытпаңыз.
Көлік тізгіндеген әрбір жүргізуші өзінің де, өзгенің де өмірі үшін жауапты. Сондықтан жол жүрісі қағидасын сақтауға шақырамыз. Жол қателіктерді кешірмейтінін естен шығармаңыздар, – деді Астана қаласының Полиция департаменті.