Астанада жыл басынан бері 157 мыңға жуық адам тіркелген
Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ербол Махметов брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Көші-қон қызметі басқармасы 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде оларды автоматтандыруға және электронды нұсқаға аударуға басты назар аударылады. Осы жылдың 9 айында елорданың көші-қон қызметінің бөлімшелері 452 341 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық түрде, қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 36 329, көрсетілетін қызметті берушілер қағаз нысанды көрсеткен, бірақ электрондық үкіметтің веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 488, мемлекеттік корпорация арқылы – 255 950, қағаз жүзінде – 15 734, веб-портал арқылы электронды түрде көрсетілген – 143 840.
Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталығында немесе үй компьютерінен ғана емес, сонымен қатар ұялы телефоннан немесе планшеттен «мобильді үкімет» қызметін (Egov mobile) пайдаланып тіркеуге болады.
Осы жылғы 9 айда тұрғылықты жері бойынша 156 678 адам тіркелген, 53 835 адам тіркеуден шығарылды.
Биылғы 9 айда 186 025 паспорт пен жеке куәлік әзірленді және берілді. Құжаттарды дайындауға кететін уақыт мүмкіндігінше қысқартылды. Жалпы тәртіпте – 20 жұмыс күні, жеделдетілген тәртіпте 1 және 3 жұмыс күнін құрады. Сонымен қатар Мемлекеттік корпорациямен бірлесе отырып өз бетінше қозғалу мүмкіндігінен айырылған мүмкіндігі шектеулі 215 азамат үйлерінде құжат алды.
-->Көші-қон қызметі басқармасы 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде оларды автоматтандыруға және электронды нұсқаға аударуға басты назар аударылады. Осы жылдың 9 айында елорданың көші-қон қызметінің бөлімшелері 452 341 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық түрде, қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 36 329, көрсетілетін қызметті берушілер қағаз нысанды көрсеткен, бірақ электрондық үкіметтің веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 488, мемлекеттік корпорация арқылы – 255 950, қағаз жүзінде – 15 734, веб-портал арқылы электронды түрде көрсетілген – 143 840.
2020 жылдың басынан бастап шетелдіктерді полиция бөлімінде тіркеу алынып тасталды. Бұл ретте біз олардың болуына көші-қон бақылауын жоғалтқан жоқпыз. Шетелдікке келу, тұру және уақытша тұруға рұқсатты тіркеу туралы хабарлауға барлық жауапкершілік қабылдаушы жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі. Өз кезегінде, шетелдікті қабылдаушы тараптар қонақүйлер, жалға берілетін пәтерлер, білім беру мекемелері, медициналық мекемелер, жеке тұлғалар үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктің болуы туралы хабарлауға міндетті. Көші-қон қызметіне электрондық цифрлық кілттің көмегімен визалық көші-қон порталы арқылы хабарлауға болады, - дейді Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ербол Махметов.
Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталығында немесе үй компьютерінен ғана емес, сонымен қатар ұялы телефоннан немесе планшеттен «мобильді үкімет» қызметін (Egov mobile) пайдаланып тіркеуге болады.
Осы жылғы 9 айда тұрғылықты жері бойынша 156 678 адам тіркелген, 53 835 адам тіркеуден шығарылды.
Халықты құжаттандыру жүйесінің мекенжайларды тіркеу кодына көшуі «Электронды үй кітабын» құруға мүмкіндік берді. Осының арқасында біздің қызметкерлер әр нақты мекенжай бойынша қанша адам тіркелгенін көреді, егер тұрғындар саны негізсіз көп болса, тексеру орнында жүргізіледі. Сонымен қатар, енді пәтер иелерінің өздері электронды үкімет порталында өз пәтерінде кім тіркелгенін тексере алады. Сонымен қатар, қала тұрғындарын ҚР ӘҚбТК-нің 493-бабы бойынша Қазақстан азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркегені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеміз, - дейді Е.Махметов.