Астанада жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жазаланды (ВИДЕО)
Астанадағы «Арыс» көпірінің автожол бөлігінде достарымен бірге қауіпті шоу ұйымдастырған жүргізуші жазаланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Жүргізуші Семей тұрғыны болып шықты. Абай облысының полицейлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған азаматты жауапкершілікке тартты. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық заңының бірден 3 бабы бойынша жазаланды:
- Көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау;
- Белгіленбеген жерден жолды кесіп өту;
- Көлік құралын тоқтату қағидаларын бұзу.
Көпірде жаяу жүрген азаматтар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.