Елорда жаңалықтары

Астанада жол ақысын төлемеген 4 мыңнан астам адам айыппұл төледі

Астанада жыл басынан бері 4 225 жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elorda.info.

Бірінші жартыжылдықта 107 мыңнан астам билетсіз адам анықталса, өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 125 359 адамды құраған.

City Transportation Systems компаниясы жолаушыларды жол ақысын адал төлеуге шақырады, өйткені қоғамдық көлікті одан әрі дамыту (жылжымалы құрамды жаңарту, бағдарларда автобустарды қосу және жаңа бағыттарды іске қосу) осыған байланысты.

Елордалық автобустарда жол ақысын Transcard көлік картасымен төлеу негізгі тәсіл, QR-код арқылы төлеу балама тәсіл болып табылады.

-->

Жыл басынан бері елордада Сity Transportation Systems Көлік бақылау департаменті қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарудың 107 003 фактісін анықтады, оның ішінде 4 225 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 30 млн теңгені құрады, - делінген хабарламада.