Елорда жаңалықтары

Астанада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті жолаушылар!

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №5, 5А, 8, 32, 46, 49, 120 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына жерден қарап, таныс бола аласыздар.