Елорда жаңалықтары

Астанада жер сілкінісі болған жоқ – ТЖД

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі уақытта жедел штаб ашылды, 24-51-47 және 24-51-71 телефондары бойынша жедел желі ұйымдастырылды. 

-->

23.01.2024 жылы сағат 00-19 шамасында Астана қаласы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына елорда тұрғындарынан жер сілкінісі мәселелері бойынша 30-дан астам қоңырау түсті.  Өтініштер мен хабарламалардың келіп түскен мекенжайлары бойынша жедел-құтқару бөлімшелері жіберілді, олар келген кезде ғимараттар мен құрылыстарға көзбен шолып тексеру жүргізді және жер сілкінісі фактілері расталмады, зардап шеккендер тіркелмеді. Астанада жер сілкінісі болған жоқ, бұл Алматыда болған жер сілкінісінің салдары болды, - деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта жедел штаб ашылды, 24-51-47 және 24-51-71 телефондары бойынша жедел желі ұйымдастырылды.