Астанада жеке сот орындаушылар мүгедектердің банк шоттарын заңсыз бұғаттаған
Астанада жеке сот орындаушылар мүгедектердің банк шоттарын заңсыз бұғаттаған, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.
Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.
-->Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 млн теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді,- деп жазды дереккөз.
Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.