Елорда жаңалықтары

Астанада жеңіл көлік өртенді

Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті 15 минут ішінде сөндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

«Бұл оқиға бүгін Астана қаласы Төле би көшесінің бойында болды. Жеңіл көліктегі өртті ТЖМ күштері сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.