Астанада жасыл белдеудегі ағаштар саны артады
Астанада Жасыл белдеуде екпелер саны артып, кәріз тазарту құрылысы салынады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қаланың шекара маңындағы аумағын әуеден аралап шықты. Маңайды ұшып аралау барысында Майбалық көлінің, Преображенский су торабының және т.б. көлемі нақтыланды.
Жаңа ауыз су стансасының (ССС-3) пайдалануға берілуін және су тұтыну көлемінің ұлғаюын ескере отырып, қалаға су бұру көлемі ұлғайды. Тазарту құрылысының қуаты (КТҚ 1) жеткіліксіз, сондықтан осы жылдың күзінде екінші кәріз тазарту құрылысы (КТС 2) басталады. Бұл ғимараттың қуаты тәулігіне 200 мың м3 құрайды.
Сондай-ақ, аралау барысында «Астана-Зеленстрой» ЖШС тәлімбағына барды. Оның ауданы 350 гектарға жуық, онда әртүрлі ағаш түрлерінің көшеттері өсіріледі. Тәлімбақ жыл сайын 30 мың дана көшет бере алады. 2025 жылдан бастап ағаш тұқымдарының 100 мың көшетіне, жабық тамыр жүйесі бар 45 мың бұтаға және ашық тамыр жүйесі бар 300 мың бұтаға дейін көбейтіледі деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, жыл сайын жасыл белдеудегі екпелер саны артады. Мысалы, биыл тек жасыл белдеуде 500 мыңға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар және т.б.) отырғызу жоспарланып отыр. Тағы сондай көлемі – қаланың өзінде отырғызылады. Елорданың жасыл белдеуінің жалпы ауданы 15 мың гектарды құрайды. 11,5 миллионнан астам ағаш пен 2 миллион бұта өседі. Қатты ағаш түрлеріне басымдық беріледі.
-->Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қаланың шекара маңындағы аумағын әуеден аралап шықты. Маңайды ұшып аралау барысында Майбалық көлінің, Преображенский су торабының және т.б. көлемі нақтыланды.