Астанада жас отбасылар арасында сайыс өтіп жатыр
Бүгін Астанада жас отбасылар арасындағы «Қазағымның дәстүрлері-ай» атты қалалық сайыс өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Оған қатысуға 30-ға жуық отбасыдан өтінім түскен. Байқау шартына сәйкес 9 отбасы іріктеліп алынды.
Сайыста келіншектер ұмыт бола бастаған тағамдарды әзірлеп алып келсе, ер азаматтар ер адамның қолданатын заттарын көрсетті. Сондай-ақ олар өз өнімдерін қалай дайындағанын айтып түсіндіріп берді.
Ал 9 адамнан құралған қазылар алқасы қатысушыларды тыңдап, әділ бағасын береді. Оның құрамында мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, публицист Сәуле Мешітбайқызы, тарихшы, «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры Тұрар Шәкен, «Наз» би мемлекеттік театрының директоры Еркебұлан Ағымбаев, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, сазгер Оспан Сүлейменұлы, қалалық мәсихат депутаты Мәдина Әжікенова, театр және кино актері Толқын Сұлтан бар.
Жеңімпаздарға ағаштан жасалған қазақтың тұрмыста қажет заттары, Зейнеп Ахметованың салт-дәстүр жайлы «Күретамыр» кітабы, балаларға арналған боямақтар сыйға беріледі.
Айта кетейік, іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Сабина КӘКІМЖАН
-->Оған қатысуға 30-ға жуық отбасыдан өтінім түскен. Байқау шартына сәйкес 9 отбасы іріктеліп алынды.
Сайыста келіншектер ұмыт бола бастаған тағамдарды әзірлеп алып келсе, ер азаматтар ер адамның қолданатын заттарын көрсетті. Сондай-ақ олар өз өнімдерін қалай дайындағанын айтып түсіндіріп берді.
Бұл байқаудың көпке тигізер пайдасы мол. Әр отбасы қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, балаларына көрсетіп отырғаны жөн. Сол арқылы саналы ұрпақ тәрбиелейді. Мұндай жарысқа біз отбасымызбен бірінші рет қатысып отырмыз. Бос уақытымда балаларыммен асық ойнаймыз, арқан тартамыз, - дейді қатысушы Нұрлыбек Сәмеков.
Ал 9 адамнан құралған қазылар алқасы қатысушыларды тыңдап, әділ бағасын береді. Оның құрамында мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, публицист Сәуле Мешітбайқызы, тарихшы, «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры Тұрар Шәкен, «Наз» би мемлекеттік театрының директоры Еркебұлан Ағымбаев, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, сазгер Оспан Сүлейменұлы, қалалық мәсихат депутаты Мәдина Әжікенова, театр және кино актері Толқын Сұлтан бар.
Бұл іс-шараның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын заманға сай жаңғырту, жастар арасында насихаттау, отбасы институтының мәртебесін көтеру, іргесін нығайту, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жастар арасында дәріптеу, жас отбасылардың қоғамдық белсенділігін арттыру, - деді этнолог-тарихшы Тұрар Саттарқызы.