Астанада жарықтың сөнуі: Арнайы комиссия құрылды
Бұл туралы бүгін Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Астана қаласындағы электроэнергия саласындағы өзекті мәселелер» туралы брифинг барысында Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->

Ашық тарату құрылғысында токтан ажырату факторы болды. Бірақ 1,5 сағат ішінде шаралар қабылданды. Бұл жағдай бойынша тиісті бұйрықпен комиссия тағайындалды. 10 жұмыс күні ішінде орын алған жағдай бойынша тексеру қорытындысын жасап, ақпарат ұсынамыз. Кеше қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды. Біз оны түсініп отырмыз. 1,5 сағат бұл ұзақ уақыт. Шамамен қаланың 20 пайызы жарықсыз қалды. Барлық шаралар қолданылып, нәтижесінде 23:40-та жарық берілді. Қазіргі кезде станция штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деді спикер.