Астанада жаңадан 15 Оқушылар сарайы ашылады
Астанада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігінде бассейндер де болмақ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Олардың ішінде 5-еуінің құрылысы келер жылы басталады. Оқушылар сарайы елорданың барлық ауданында орналасады. Қазіргі уақытта жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жаңадан ашылатын 5 Оқушылар сарайы қайда орналасады:
- Сарыарқа ауданы, Ақан сері және С-189 көшелері (Земляничная);
- Алматы ауданы, Төлебаев және Бурабай көшелері;
- Байқоңыр ауданы, Тайбурыл және Игілік көшелері;
- Есіл ауданы, Түркістан және Бұқар Жырау көшелері;
- Нұра ауданы, Айтматов және Мұхамедханов көшелері.