Елордада жаңа аулалар абаттандырылды
Биыл Алматы ауданы әкімінің аппараты «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша аулаларды абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Абаттандырылған аулалар келесі мекенжайлар бойынша орналасқан: Ғ.Мүсірепов көшесі, 6/1, 6/2, 6/3; Абылай хан даңғылы, 10, 20а, 20 б, 25; Күйші Дина көшесі, 41/1; Б. Майлин көшесі, 8; М.Жұмабаев даңғылы, 12а; Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 17/3, 19/1; Ғ.Мұстафин көшесі, 15/2; К.Әзірбаев көшесі, 4/1; Ж.Нәжімеденов көшесі, 16 а; Саркеңгір көшесі, 1/1.
Бағдарлама аясында төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
- Заманауи ойын кешендері бар жаңа балалар ойын алаңдарын орналастыру;
- Шағын архитектуралық нысандарды орнату: орындықтар, урналар, әткеншектер;
- Воркаут-алаңдар құру және белсенді демалуға арналған тренажерлер орнату;
- Аула аумақтарын асфальттау;
- Тас төсеніштерін ауыстыру;
- Алдыңғы бақтарды орнату және тартан жабынын төсеу.
«Бүгін де Жүргенов көшесі, 28/1 және С.Нұрмағанбетов көшесі, 31 мекенжайларында жұмыстар жалғасуда. Балалар ойын алаңдарының іргетасын қалыпқа келтіру және жабу жұмыстары аяқталса, шағын сәулет нысандары мен балалар ойын кешендерін орнату күтілуде», - делінген хабарламада.