Астанада жас отбасылар көшет отырғызды
AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында елордалық жас отбасылар Линейный саябағы аумағына шырша көшеттерін отырғызды, деп хабарлады Elorda.info.
Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған жас кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер белсене қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шараға қатысқан Бастауыш партия ұйымдарының мүшелері көшеттерді уақытылы суарып тұратынын, қаладағы «меншікті» көшеттерінің барына шын қуанышты екенін, мұндай шаралардың өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, экологиялық сауаттың артуына оң ықпал берерін айтып, тарқасты.
-->Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған жас кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер белсене қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Мемлекет басшысы қолдау көрсеткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы науқандық шара емес. Қаламызды таза ұстау, абаттандыру, көшеттер отырғызу тәрізді экологиялық шаралар жалғасын тауып, әр тұрғынның экологиялық сауаттылығын арттыруымыз керек. Бұл өзіміз үшін де, қаламыз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де аса маңызды, – деп атап өтті AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.