Астанада заңсыз ілінген жарнама мен банерлер алынып тасталды
Астанада қала келбетін дизайн-кодқа сәйкестендіру жұмысы қарқынды жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 1 500-ден астам заңсыз ілінген маңдайша мен жарнама банері алынып тасталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұған 2019 жылы желтоқсан айында қала мәслихаты бекіткен дизайн-код негіз болған. Алайда пандемия басталып жұмыс кейінге шегерілген. Ал 2023 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қ.Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейту туралы нақты тапсырма қойды.
Жауапты міндет «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелді. Қазіргі уақытта ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбетіне маңдайшаларды орналастыру тұжырымдамасы әзірленді. Онда бизнес өкілдеріне елорданың сәулеттік сәнін бір стильге келтірудің үлгісі көрсетілген. Урбанистика орталығы мен әкімдік қызметкерлері әр ауданның кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырып, тұжырымдаманы талқылады.
Бүгінгі таңда «Астана-Жарнама» МКМ мамандары жұмыс тәртібін бекіткен. Алдымен мүлік иелерінің бірлестігіне ескертеді. Олар өз кезегінде шағын және орта бизнес өкілдеріне хабарлама таратады. Егерде кәсіпкер маңдайшаны немесе жарнаманы шешуге күші жетпесе аудандық әкімдік жұмысшылары жіберіледі.
Бірінші кезектегі жұмыс елорданың орталық көшелерінен, атап айтқанда Б.Момышұлы даңғылынан, №2 үйден, Республика даңғылынан, №5 үйден басталды. Апта сайын үй-жайлардың иелерімен бейберекет орналастырылған жарнаманы ауыстыру жайында кездесулер және түсіндіру жұмысы жүргізілуде.
Мысалға «Көркем» тұрғын үй кешенінің қасбеті жылдам ретке келтірілді. Өйткені кәсіпкерлер бірауыздан қолдау білдірген. Дәл сол сияқты Алматы көшесінің бойындағы «Айсанам» және «Ақжайық» ТК сырты келбеті де көз тартады.
-->Бұған 2019 жылы желтоқсан айында қала мәслихаты бекіткен дизайн-код негіз болған. Алайда пандемия басталып жұмыс кейінге шегерілген. Ал 2023 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қ.Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейту туралы нақты тапсырма қойды.
Жауапты міндет «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелді. Қазіргі уақытта ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбетіне маңдайшаларды орналастыру тұжырымдамасы әзірленді. Онда бизнес өкілдеріне елорданың сәулеттік сәнін бір стильге келтірудің үлгісі көрсетілген. Урбанистика орталығы мен әкімдік қызметкерлері әр ауданның кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырып, тұжырымдаманы талқылады.
Маңдайшалар қасбеттің негізгі фризінен ерекшеленетін фонсыз (субстратсыз) болуы керек. Негізгі жазу фриз биіктігінің 70%-ынан аспауы тиіс. Барлық белгілер қасбеттің бір сызығында болуы керек және қажет болған жағдайда қасбеттің стиліне бейімделуі шарт. Белгілерде монохромды және үнсіз түстерді қолданған жөн. Белгілі бір жағдайларда, белгінің техникалық күрделілігі ретінде фриздің түсіне немесе құрылымына ұқсас фондық субстратқа рұқсат етіледі. Бұл жағдайда фриз немесе қасбет бөлігі бастапқыда жіксіз болуы керек. Маңдайшаларды жалпы симметрияны, қасбеттің визуалды қабылдауының тұтастығын бұзбайтындай етіп орналастыруы тиіс. Белгі ғимараттың архитектуралық элементтерімен қабаттаспаған жөн, – дейді «Астана-Жарнама» МКМ басшысы Асылбек Төлемісұлы.