Елорда жаңалықтары

Астанада заңгерлер тегін кеңес беріп жатыр

Бүгін Астанада жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы басталды, деп хабарлады Elorda.info

2018 жылдан бері тәжірибеге енгізілген іс-шара Antikor, «Параграф» ақпараттық жүйесі және zakon.kz порталымен бірлесе өткізіліп жатыр. Мақсат – халықтың құқықтық сауатын арттыру, тегін заңгерлік көмек көрсету. 

Биылғы ерекшелік – онлайн-кеңестің жұмыс істеуі. Яғни акцияға қатыса алмаған құзырлы орган өкілдері өз кабинеттерінде отырып-ақ тұрғындарға тікелей қызмет етеді. Іс-шарада 30 заңгер, 35 мемлекеттік орган елдің көкейкесті сұрақтарына жауап берді. 

Мәселен, Астана қаласының тұрғыны Алмас Кіншінбаев «Қазақтелеком» мекемесінде көп жыл еңбек еткен анасы дүние салғанда оның артында акция қалғанын айтты. Ол жеке адамның атына жазылған акцияның мұрагерлікке тиесілі я тиесілі емес екенін білуге келіпті. Заңгерден аталған құнды қағаздың өз атына жаздыруға болатынын, тіпті дивиденттерін алуға болатынын біліп, қуанып кетті. 

пеп1.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Айбар Ағыбаев:

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция екі сағатқа жоспарланған, дегенмен келушілер саны көп болса, төрт сағатқа созылмақ. Ал іс-шараға жиналған тұрғындар қарасы өте көп.

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ

-->

Бұл шара, әсіресе, үйінде отырған үлкен кісілерге көп пайдасы тиеді деп ойлаймын. Олар құзырлы органдардың есігін қағып жүрмей-ақ, осы жерде жүзбе-жүз отырып, өздерінің мұң-мұқтажын айтып, мамандардан тегін квалификациялық жауап ала алады, - деді. 