Елорда жаңалықтары

Астанада «Өз мансабың – маңызды жоба» кітабының тұсаукесері өтті

Астанада топ менеджер (Fortune 500, АҚШ), МВА Duke University, МАИН академигі, тәуелсіз директор және Директорлар кеңесінің мүшесі, Америкадағы «Women and Drones» қауымдастығы кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Әсел Аяпованың «Өз мансабың – маңызды жоба» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elorda.info. 

«Өз мансабың – маңызды жоба» кітабы табысқа жетуге бағытталған барлық мамандар үшін практикалық құрал болып табылады. Кітап орта мектеп оқушыларынан, студенттерден, жас мамандардан бастап, университеттердегі мамандар мен оқытушыларға дейін кең аудиторияға арналған. Ол сондай-ақ жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына да пайдалы. 

Тұсаукесерге белгілі азаматтар мен іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері қатысып, аталған еңбекке жоғары бағаларын берді.

-->

Қызмет жолымда түрлі жағдайлармен бетпе-бет келдім. Бұл осы жолдың әр кезеңінде жаңа машық, жаңа ізденіс пен жаңа білімді қажет ететіні сөзсіз. Мен табысты мансап құруға көмектесетін ақпараттың барлығы бір жинақта болса ғой дейтінмін. Алайда қалауымды бір жерге тоғыстырған кітап қолыма түскен жоқ. Сосын өзім жазбаққа бекіндім. Бұл кітаптағы басты мақсатым – мансапты жоспарлау, көпшілік алдында сөйлеу, команданы басқару және коммуникация сияқты мансап құруға қатысты барлық деректерді бір жинаққа топтастыру. Сондай-ақ жылдар бойы жинаған тәжірибем бойынша мансапты жоспарлау мен басқара білудегі маңызды мәселелерді жүйелегім келді, - деді кітаптың тұсаукесерінде Әсел Әлібекқызы.

Тұсаукесерге белгілі азаматтар мен іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері қатысып, аталған еңбекке жоғары бағаларын берді.