Астанада Әйтеке би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы Қорғалжын тасжолы мен Әйтеке би көшесінің қиылысында кәріз желілерін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 30 қазан мен 15 қараша аралығында Әйтеке би көшесінде Қорғалжын тасжолы бағытына қарай жүретін жол бөлігі уақытша жартылай жабылады.
Көлік қозғалысына баламалы бағыт ретінде Ұмай ана көшесімен қатынауға болады.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ерекше мұқият болу керек екені ескертіледі.
Жол қозғалысын ұйымдастыру схемасына қажетті өзгерістер енгізіліп, тиісті жол белгілері орнатылды.